Ақмола облысы білім басқармасының "Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, №2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Кабинет психолого-педагогической коррекции №2, город Ерейментау, Ерейментауский район" управления образования Акмолинской области

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2017 жылда көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есеп

14.02.2018

2017 жылда көрсетілген мемлекеттік

қызметтер туралы жылдық

есеп

Ақмола облысы

білім беру басқармасының «Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, № 2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ  Ерейментау ауданы бойынша  арнайы білім беру

саласындағы ерекше білім кажеттілігі бар балалардың заңды құқықтары мен

мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік

органы болып табылады.

Өз құзыретінде

мемлекеттік қызметті көрсету саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын

қамтамасыз етіп, мониторинг жүргізеді, жеке тұлғаларға ақпараттық,

консультациялық және ата-аналар мен ерекше білім кажеттілігі бар балаларға

түзету жұмысын   көрсетеді.

Қазақстан

Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген

мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес 2017 жылда  «Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, № 2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті»  КММ бойынша  3 мемлекеттік қызмет

көрсетілді.

Оның ішінде:

1.     

Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді

оңалту және әлеуметтік бейімдеу.

2.     

Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған

отбасыларға консультациялық көмек көрсету.

3.   Мектепке

дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және

кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім

беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік

санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды

қабылдау.

 

2017 жыл

ішінде  «Ерейментау

ауданы, Ерейментау қаласы, № 2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті»  КММ бойынша  47 қызметтер көрсетілді.

«Мектепке

дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және

кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім

беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға

біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге

құжаттарды қабылдау» мемлекеттік стандарты бойынша  қызмет саны 0.

         «Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, № 2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті»  КММ  сапасына, сондай-ақ, мемлекеттік

көрсетілетін қызмет мерзімінің бұзылуына  шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік

қызметтердің стандарттарына сәйкес «Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, № 2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті»  КММ  көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

ақысыз негізде ұсынылатынын атап өткен жөн. Ай сайынғы негізде тұрғындарды

ақпараттандыру бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат қызмет

берушілердің БАҚ, интернет-ресурстарының құралдары арқылы жұмыстар жүргізіледі.

«Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, № 2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті»  КММ  сайтында «Мемлекеттік қызметтер»

бөлімі бар, онда мемлекеттік қызметтердің стандарттары және регламенттері,

сондай-ақ қызмет алушылар үшін қажетті ақпараттар орналастырылған. Ақпараттық

стендтерінде мемлекеттік қызметтердің стандарттары және регламенттері

орналастырылған. 2017 жылға 1 мақала мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша аудан

газеттінде жарияланды.

Азаматтарға

мемлекеттік қызметтер анықтамалық-ақпараттық, құқықтық кеңес беру мақсатында «Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, № 2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ  8-71633 2-35-32 нөмірлі «Сенім телефоны» өз жұмысын атқаруда.

Мемлекеттік

қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында, мемлекеттік көрсетілетін қызмет

процесінің айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған (семинар, ата-аналар

жиналысы) түрлі іс-шараларды тұрақты негізде өткізіледі.

2017 жылы «Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, № 2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ  мемлекеттік

қызмет көрсету бойынша кеңес және 2 ата-аналар жиналысы өткізілді. 

Мемлекеттік қызмет сапасына ішкі бақылау тұрақты негізде жүзеге асырады. Құқықтық

актіге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету

сапасына бақылау жасайтын жауапты тұлғалар белгіленген. Ай сайын мемлекеттік

қызмет көрсетудің уақытылы болу және сапасының мониторингі

жүргізіледі.

2017 жылы «Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, № 2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ мемлекеттік

көрсетілетін қызмет мерзімдерін бұзған жоқ.

 

Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы,

№ 2 психологиялық-педагогикалық

түзету кабинеті» меңгеруші м.а.

А.Шахатова

Просмотров: 258

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст