Ақмола облысы білім басқармасының "Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, №2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Кабинет психолого-педагогической коррекции №2, город Ерейментау, Ерейментауский район" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

2025 жылғы мемелкеттік қызмет бойынша есеп

27.02.2026

2025 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы

қызмет туралы есеп

 

         1. Жалпы ережелер

         1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер: Ақмола облысы білім басқармасының «Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, №2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ. Заңды мекен-жайы: Ерейментау қаласы,  Мұхтар Әуезов көшесі,10.

         2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

Ақмола облысы білім басқармасының «Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, №2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ үш мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

- Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу;

-  Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттарды қабылдау;

- Мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы бос немесе уақытша бос лауазымға орналасу конкурсына қатысу үшін педагогтерден   құжаттарды қабылдау.

2025 жылы Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, №2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ» барлығы 53 мемлекеттік қызмет көрсетілді:

  • «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» – 51 қызмет;
  • Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттардықа былдау – 1 қызмет;
  • Мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы бос немесе уақытша бос лауазымға орналасу конкурсына қатысу үшін педагогтерден құжаттарды қабылдау – 1 қызмет.

Оның ішінде:

Электрондық үкімет порталы арқылы – 0;

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 0 мемлекеттік қызмет;

Мемлекеттік орган арқылы – 0 мемлекеттік қызмет;

Қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде – 1 мемлекеттік қызмет («Ұстаз» платформасы арқылы 1 педагог аттестаттаудан өткізілді).

Қағаз форматында – 52 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту 0 өтініш бойынша тіркелді, оның ішінде: электрондық формата және қағаз форматында – 0.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.

3) Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

Білім беру саласындағы ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

  • Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу;
  • Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттарды қабылдау;
  • Мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы бос немесе уақытша бос лауазымға орналасу конкурсына қатысу үшін педагогтерден құжаттарды қабылдау.

2. Қызмет алушылар мен жұмыс

1) Ақпарат көздері және оған қол жеткізу орындары туралы мәліметтер:

Қызмет алушылар үшін қажетті барлық ақпарат Ақмола облысы білім басқармасының «Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, №2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ ресми интернет-ресурсында https://sc0036.ereymentau.aqmoedu.kz/ «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған, онда мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары жарияланған.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары ресми интернет-ресурстарда және ақпараттық стендтерде орналастырылған. Өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.

2)Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар.

2025 жылы №2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті БАҚ-та және әлеуметтік желілерде 1 мақала, баспа басылымдарында 2 жарияланым, Instagram парақшасында 2 тікелей эфирдегі хабарлама жариялады.

Халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратты БАҚ және қызмет көрсетушілердің интернет-ресурстары арқылы жеткізу жұмыстары жүргізілуде.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсетудің тәртібін анықтайтын төменгі деңгейлі нормативтік құқықтық актілер жобаларын қоғамдық талқылау туралы ақпарат.

Қазіргі уақытта нормативтік құқықтық актілер жобаларын қоғамдық талқылау Ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында жүргізіледі.

«№2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ (Ерейментау қаласы, Ерейментау ауданы) нормативтік құқықтық актілерді әзірлемеген.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет

Ақмола облысы білім басқармасының «Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, №2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша 1 қызметкер жұмыс істейді, ол қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген.

2025 жылы 1 қызметкер мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

1) Қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат
2025 жылғы кезеңде білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша шағымдар түспеген.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері
Ішкі мемлекеттік бақылау іс-шаралары және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мониторинг жасау түрінде жүзеге асырылады.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері
         2025 жылғы қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша Ақмола облысы білім басқармасының «Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, №2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ бойынша ескертулер жоқ.

 

 

 

5. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру перспективалары

2026 жылы қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту мақсатында Ақмола облысы білім басқармасының «Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, №2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ келесі міндеттерді қойды:

  • Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын қатаң сақтау;
  • Мемлекеттік қызметтер көрсету ережелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
  • Қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

2026 жылы Ақмола облысы білім басқармасының «Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, №2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ жеке және заңды тұлғаларға қолжетімді әрі сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жұмысын жалғастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Басшының м.а.                                                                        А.Д.Курманова

Просмотров: 4923


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст